Қарағанды облысында 250 миллионнан астам теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру дерегінің жолы кесілді

Жарияланды
Айыпталушы 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды

Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ықпал ету дерегібойынша облыс тұрғыны М.Нығметті қамауға алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде азамат М.Нығмет құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға маманданған «Промтехстрой 2010» ЖШС жарғылық капиталының 100% үлесін сатып алғаны анықталды.

Алайда ЖШС атынан «KZ VEFA-STROY» ЖШС-мен жасалған шарттар сомасының 7% мөлшеріндегі сыйақы үшін 258 миллион теңгеге жалған мәмілелер жасалды, заңсыз шот-фактуралар жазып берілді. Құрылыс және монтаждау бойынша қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.

Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 82 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

М.Нығмет 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Салықтар – бұл мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл қаражат мектептер, ауруханалар салуға, азаматтардың кейбір санаттарына: көп балалы отбасыларға, табысынан айырылған адамдарға, мүгедектерге және басқа да тұлғаларға жәрдемақы төлеуге бөлінеді,

Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты негізде салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесу деректерін анықтайды және олардың жолын кеседі.
 

Сондай-ақ оқыңыз