Германияда қатаң шектеулер күшіне енді
Жарияланды
Енді QR-кодсыз немесе ПТР-тестсіз қоғамдық көлікпен жүруге тыйым салынды
Германияда қатаң шектеулер күшіне енді: Берлин мен Гамбург QR-кодсыз немесе ПТР-тестсіз қоғамдық көлікпен жүруге тыйым салды, Бавария, Саксония және Тюрингияда локдаун жұмыс істей бастады, бірқатар аймақтарда барларға, клубтарға және бордельдерге вакцинациясыз және тестсіз баруға тыйым салынды. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram ккканалы хабарлады.
Словакияда жалпы локдаун енгізу жоспарланып отыр. Елде 2 аптаға «қатаң» оқшаулауды енгізу мүмкіндігі талқылануда.
Елдің ауруханалары науқастарға лық толып жатыр, локдаунның көмегімен билік Денсаулық сақтау саласына жүктемені азайтып, Рождествода жағдайлардың санын азайтады деп үміттенеді.