«KEGOC» АҚ басшысы қызметінен кетті

Жарияланды
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев тағайындалды

2021 жылғы 24 қарашада «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, оның барысында кадрлық тағайындаулар жүргізілді. Бақытжан Қажиевтың жеке бастамасы бойынша «KEGOC»АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды, оның «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды.

Сонымен қатар Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

С.А. Тиесов пен Е. К. Бердіғұловтың өкілеттік мерзімі жалпы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге белгіленген.

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлының 25 жылдан астам басқару тәжірибесі бар.
 

Сондай-ақ оқыңыз