99 тұлға әкімшілік қамауға алынды

Жарияланды
Бүгінгі таңда, Қызылорда қаласында қылмыс деңгейі 43 пайызға төмендеді

Қызылорда қаласында төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзған 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Елімізде енгізілген төтенше жағдай талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында карантин  режимін бұзудың 331 дерегі анықталды.

425 мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 51 құқық бұзушылық анықталды.

Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 177 әкімшілік іс қаралды. 77 тұлғаға айыппұл салынса, 99 тұлға әкімшілік қамауға алынды. Жалған ақпарат таратылған 11 дерек анықталып, олар бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда, жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейі 43 пайызға, ал жол – көлік оқиғалары 25 пайызға азайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз