Абаев кімдердің жұмыс істейтінін нақтылады

Жарияланды
Барлық аталған кәсіпорындар бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «хабар24» арнасында  тікелей эфирде арнайы брифинг өткізді.

Coronavirus2020.kz телеграм каналының мәліметінше:

Нұр-Сұлтан қаласында 20 сәуірден бастап мына секторлардағы кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруды ұсынды

1. Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар.

2. Құрылыс саласындағы кәсіпорындар.

3. Қыстан кейін жолдарды жөндейтін асфальт-бетон зауыттары.

4. Зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін екінші деңгейдегі банктер. Олар сағат 16.00-ге дейін қысқа жұмыс кестесімен жұмыс істейді.

5. Жеке қосалқы қызмет көрсету секторының кейбір ұйымдары. Мысалы: 

– Химиялық тазалау және кір жуу орындары;

– Шиномонтаж, арнайы техникаларды жөндеу және көлік жуу станциялары.

6. Қоғамдық тамақтану орнынан тамақ жеткізу мүмкіндігін кешкі сағат 10-ға дейін ұзарту ұсынылды.

Осылайша, барлық аталған кәсіпорындар бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз