Қазақстанда жұмыссыздардың қатары көбеюі мүмкін

Жарияланды
2,7 миллион адам қысқарту қаупі жоғары салаларда қызмет етеді

Еліміздің жұмыс орындары қысқатылу қаупі жоғары салаларында 2,7 миллионнан астам адам еңбек етеді. Олар жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 30 пайызын құрайды. Ресми дерек бойынша, мамыр айында еліміздегі жұмысыздардың саны 443 мыңға жеткен. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 0,4 пайызға артық деп хабарлайды finprom.kz. 

Болжамды деректер бойынша дүние жүзіндегі екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерің саны былтыр 187,7 млн болған. Бұл көрсеткіш алдың жылғы көрсеткіштің  2,2 млн адамға өскенін көрсетеді.

Халықаралық еңбек ұйымының болжамы бойынша, covid-19 пандемиясы салдарынан туындаған дағдарыс 2020 жылдың екінші тоқсанында жалпы әлемдік жұмыс уақытының  6,7%-ға қысқаруына әкеп соғады, бұл 195 миллион қызметкердің толық жұмыс уақытына тең. Бұл көрсеткіш 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысының көрсеткішінен де асып түседі.

Қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану, өңдеу өнеркәсібі, бөлшек сауда, коммерциялық және әкімшілік қызмет сияқты салалардағы кәсіпорындар қиындыққа тап келуі мүмкін. 
Қазақстанның тәуекел деңгейі жоғары секторларында жұмыспен қамтылғандардың 30%-ы немесе 2,7 млн адам еңбек етеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыссыз ретінде тіркелгендерің саны – 442,6 мың, бұл көрсеткіш жыл басынан бері 0,4 пайызға артқан. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраса, ХЕҰ болжамы бойынша 2021 жылы 5,1 пайызға жетуі мүмкін. 

Биыл ақпан айынан бері елімізде жұмыспен қамтылғандардың қатары ақырындап қысқара бастады. Мәселен тек наурыз айында олардың қатары 0,2 пайызға азайса, жыл басынан бері 23 мың адам жұмысынан айырылған. 

Төтенше жағдай режимі кезеңінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтудың негізгі құралы жаңа «Жұмыспен қамутдың жол картасы» болады, оны іске асыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Бағдарламада 7 мыңнан аса жоба қамтылады. Оның ішінде 300-ден астамы өнімді, перспективалы жобалар, бұл жобалар тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлаған еді ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы.

Жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қаржыландыру 240 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруға, сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру кезінде уақытша жұмыспен қамтуды ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік береді.

Осы ретте мемлекет басшысы бөлінге қаржының құмға сіңген судай жоқ болып кетпеуін тапсырды. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында Президент:

«Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін бұрын-соңды болмаған қаржы бөлінеді. Бөлінген қаражаттың құмға сіңген судай болмауы өте маңызды. Мұндай жағдай бұған дейін бірнеше рет болған. Сондықтан Үкімет пен әкімдер бұл жұмысқа қазақстандық кадрларды, отандық құрылыс компанияларын және құрылыс материалдарын өндірушілерді тартуға міндетті,» – деп атап өтті.

Сонымен қатар құрылатын жұмыс орындарының  басым бөлігі уақытша жұмыс орындары екенін көрсетіп отыр. Бағдарлама аяқталғаннан кейін 13 мың адам ғана тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ оқыңыз