«Dolce-Pharm» компаниясы медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады

Жарияланды
Фармацевтикалық компанияда 450 адам жұмыспен қамтылған

Dolce (зауыт) және Dolce-Pharm (дистрибуциямен айналысатын сауда-коммерциялық бөлімше) компанияларының фармацевтикалық өндірістік-коммерциялық бірлестігі бір реттік медициналық  мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды шығаратын ірі қазақстандық өндіруші болып табылады.Бұл туралы  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-каналы хабарлады.

Кәсіпорын 1998 жылы құрылды және 22 жыл ішінде бір рет қолданылатын ММБ өндіру саласында ұлттық көшбасшы атанды. Бүгінде компания түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады. Өндірістік кешен Алматы облысында, Ынтымақ ауылында орналасқан, онда 450 адам еңбек етеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз