Bek Air апатынан зардап шеккендрдің саны 24 адамға жетті
Жарияланды
(жаңартылды )
Құтқару жұмыстарына 976 адам тартылған
Алматы маңында Bek Air ұшағы апаты салдарынан 24 адам зардап шекті, деп хабарлайды ІшкіІсМиннің баспасөз қызметі.
«Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, 24 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген», – делінген ақпаратта.
Естеріңізге салсақ, 14 адамның қаза болғаны туралы хабарланған болатын.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, аумақ қоршауға алынған. Жұмыстар жалғасып жатыр, барлығы 976 адам және 70 техника бірлігі, 33 жедел жәрдем бригадалары тартылған, деп көрсетілген хабарламада.