Израиль қатаң карантинге көшуде

Жарияланды
“Дельта” штамының таралуына байланысты

 Израиль COVID-19 вирусымен ауырғандар санының көбеюіне және «дельта» штамының таралуына байланысты тағы да қатаң карантинге көшуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

8 тамыздан бастап 100-ден аса адам болатын жабық үй-жайдағы қоғамдық орындарда «Денсаулық рұқсаттамалары» енгізіледі. 

Сондай-ақ, азаматтарды ашық ауада өтетін іс-шаралар кезінде қорғаныс маскаларын киюге міндеттейді. Коронавирусқа қарсы вакцина қабылдағанына қарамастан, елге оралған туристер міндетті 7 күндік карантинге жіберіледі. Жаңа шектеулер Министрлер кабинетінің отырысынан кейін жексенбіде күшіне енеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз