Жалған телеграм-боттардан сақ болыңыз

Жарияланды
Ресми боттар ешқандай банк шотын сұрамайды

Телеграм мессенджерінде «42 500» әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғаны мәлім. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
 
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауды ресми түрде ескертеді.

42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы ғана беруді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем төлеуді талап етпейді. 

Өтінім беруге арналған ресми боттардың тізімі: 

1.  https://t.me/Help42500Bot
2.  https://t.me/NurSultan42500Bot
3.  https://t.me/Almaty42500Bot
4.  https://t.me/Shymkent42500Bot
5.  https://t.me/JambylObl42500Bot
6.  https://t.me/Kostanai42500Bot
7.  https://t.me/Karagandy42500Bot
8.  https://t.me/Atyrau42500Bot
9.  https://t.me/Turkistan42500Bot
10.  https://t.me/Aqtobe42500Bot
11.  https://t.me/Pavlodar42500Bot
12.  https://t.me/Mangystau42500Bot
13.  https://t.me/ZKO42500Bot
14.  https://t.me/Qyzylorda42500Bot
15.  https://t.me/SKO42500Bot
16.  https://t.me/VKO42500Bot  
17.  https://t.me/AlmaObl42500Bot
18.  https://t.me/Akmol42500Bot

Сондай-ақ, egov.kz және 42500.enbek.kz. сайттары арқылы да өтінім беруге болады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз