Қазақстанның Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауының бірнеше нұсқасын атады

Жарияланды
16 сәуірде Қарағанды маңында ұшақ апатқа ұшырады

Арнайы комиссия Қарағанды маңында МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін бірнеше нұсқаларды атады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов.

«Қазір  ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Комиссия әуе техникасының апатына не себеп болғанын зерттеп, нұсқалардың бәрін талдап, апаттың себебін анықтайтын қорытынды шығарады. Оның ішінде әуе техникасынан ұшу кезінде ақау шығуы, сыртқы факторлардың ықпалы, сондай-ақ адам фактор секілді нұсқалар да зерттелуде», – деді Орманбетов брифингте.

Сонымен қатар ол ұшақтың экипажы өте сауатты әрекет ете білгенінде атап өтті. Ол дер кезінде шараларды қолға алып, авиациялық техниканы сақтап қалудың барлық амал-әрекеттерді жасады. Комиссияның ресми қорытындысын күтіңіздер. 
 

Сондай-ақ оқыңыз