Украинаның экс президенті Петр Порошенко коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті
Жарияланды
Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылды
Украинаның экс президенті Петр Порошенко коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті. Бұл туралы bbc.com сайты хабарлады.
Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылды. Порошенкомен бірге оның қызы да ауырып жатқанын экс-президенттің әйелі айтты.
«Бүгін менің күйеуім және қызым COVID-19 індетімен күресіп жатыр. Петр Алексеевич Киевтегі коронавируспен ауырған науқастарды емдейтін ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Менің күйеуім екі жақты пневмониямен ауырғанына қарамастан, ол өзінің ерік-жігерінің арқасында ауруды жеңеді деп сенемін. Ол емделудің белгіленген хаттамасын қатаң сақтайды», – деп жазды Марина Порошенко Facebook-те.