Алматыда коронавирустан көз жұмған екі адамның да халі ауыр болған

Жарияланды
Қайтыс болғандар саны 19-ға артты

Коронавирустан қайтыс болған екі адамның денсаулықтары аса ауыр халде болған. Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оның біреуі 1958 жылы туған ер адам. Пациенттің бұл инфекциядан басқа жіті бүлінген панкреатиті, ауыр дәрежелі қан аздық, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрек қызметі тоқтау себебінен көз жұмды.

Екіншісі 1931 жылы туған әйел, ол сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия сияқты қосымша диагноздармен ауыр жай-күйде болған.

Елімізде қайтыс болғандар саны 19-ға жетті. 

 

Сондай-ақ оқыңыз