Ресейде мигранттарға арналған жаңа қызмет іске қосылады

Жарияланды
Мемлекеттік қызметтер порталында алты жаңа суперсервис болады

Жақын арада Ресейдің мемлекеттік қызметтер порталында алты жаңа суперсервис іске қосылады. Атап айтқанда, «Еңбек көші-қоны онлайн». Бұл туралы РФ премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Чернышенко мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл сайтта мигранттар Ресейде болуы мен жұмыс істеуінің әртүрлі кезеңдеріндегі бөлімшелермен байланыса алады. Ал жұмыс берушілер еңбек шартын жасасуды, жарналарды есептеуді және салықтарды төлеуді тиімдірек бақылауға мүмкіндік алады.

Бұл ресурсты Ресейде жұмыс істеуді жоспарлаған шетелдіктер пайдалана алады. Олар мемлекеттік қызметтер порталында тіркеліп, жеке жеке кабинетке сақтандыру нөмірін және салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, содан кейін Ресей Федерациясында жұмыс істеуге қажетті патентті беруі керек. (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер патент сатып алу қажеттілігінен босатылады). Мигрант осы қызметте жұмыс істеу фактісін растай алады. Ақпарат көші-қонды тіркеу жүйесіне түседі.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, мигранттар «Ресейде жұмыс» порталында жеке аккаунт ашып, онлайн режимде еңбек келісім-шарттарын жасай алады.

Сонымен қатар, 2022 жылы мигранттарды жұмысқа орналастыру бойынша мониторинг және ақпарат алу жүйесі іске қосылады деп күтілуде.

Өз кезегінде, «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай іздеу жүйесі шетел азаматтарының Ресейде жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл әлеуетті мигрантқа өз елінен шықпай-ақ Ресей Федерациясында қажетті бос орынды табуға мүмкіндік береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз