Елімізде 20 әуежай жұмыс істейді

Жарияланды
Авиациялық нарықтың шамамен 70%  Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларына тиесілі

Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Боралдайда. Оның ішінде 15-і мемлекеттік әуежай, 8-і жеке меншік, ал 1-еуі концессияда. Жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үржар, Үшарал, Зайсан) және өндірістік мақсаттағы 1 әуеайлақ (Тенгиз) бар.

17 әуежайдың халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсаты бар.

17-сі ИКАО стандарттары бойынша санатталған, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайлары III санат, Атырау әуежайы II санат және басқа әуежайлар I санатта. Бұл оларға әуе кемелерін күрделі метеожағдайларда қабылдауға мүмкіндік береді. 

2019 жылы Қазақстан әуежайлары шамамен 17,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті.

Авиациялық нарықтың шамамен 70%  Алматы (7,2 млн.жолаушы) және Нұр-Сұлтан (5,1 млн.жолаушы) әуежайларына тиесілі.

Тәуелсіздік жылдары 18 әуежайда ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылды, 12 әуежайда-жолаушылар терминалдарын қайта жаңарту жүргізілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз