Жыл басынан бері көліктік бақылау органдары 51 826 жүк автокөлігін тексерді

Жарияланды
2,1 млрд.теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндіріп алынды

2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ҚР ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау органдары 51 826 жүк автокөлік құралдарын (АТС) тексерді, НҚА талаптарын бұзумен 7 463 автокөлік құралдары анықталды, оның ішінде рұқсат беру жүйесі бойынша заңнама талаптарын бұзумен 385 шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуі анықталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті хабарлады. 
 
2644 АКҚ-ның шамадан тыс жүктемемен жүруіне 1,7 млрд. теңге алым алынды. 368,0 млн. теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
 
2020 жылдың 6 айында мемлекет кірісіне барлығы 2,1 млрд.теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндіріп алынды.
 
93 шаруашылық субъектілері тексерілді, 252 бұзушылық анықталды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 50 ұйғарым берілді.
 
Сондай-ақ, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 3 131 әкімшілік материал ресімделді, өндіріп алынған айыппұл сомасы 57,0 млн.теңгені құрады, бұл жалпы тасымалдау қауіпсіздігіне оң әсер етті (жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау).
 

Сондай-ақ оқыңыз