Бішкек алаңындағы митинг ушығуда

Жарияланды
Оқиға орнына арнайы жасақ қызметкерлері келді

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында сайлау қорытындысымен келіспейтін партия жақтастарының митингісі жалғасуда. Бұл туралы Вечерний Бишкек сайты хабарлады.

Әр түрлі болжамдар бойынша алаңға 3-тен 5 мыңға дейін адам жиналды. Сайлауға қатысқан 11 партияның көшбасшылары жиналғандар алдында сөз сөйледі. Олар көптеген заң бұзушылықтарға байланысты сайлауды өтпеді деп тануды талап етеді.

Жиында белгілі ақын Аалы Туткучев сөз сөйледі. Ереуілшілер әнұран айтты. Спикерлердің кейбіреулері Өмірбек Текебаев, Омурбек Бабанов және басқалары сияқты саясаткерлердің люстрациясын қолдайды.

 

Сондай-ақ оқыңыз