Иран Дизин тау шаңғысы курортында өтетін Дүниежүзілік шаңғы жарысын тоқтатты

Жарияланды
Мұндай маңызды шешімнің себебі - елдегі COVID-19 өршуі

Спорт пен коронавирус үйлеспейді. Иран Дизин тау шаңғысы курортында өтетін Дүниежүзілік шаңғы жарысын тоқтатты. Мұндай маңызды шешімнің себебі – елдегі COVID-19 өршуі. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Жарысқа қатысу үшін Австрия, Италия, Чехия және Словакиядан 20 спортшы, сондай-ақ 21 Иран спортшысы тіркелді. Бірақ пандемия мен мутацияланған «дельта» штаммы спортшылардың жоспарларын өзгертті.

 Иран билігі халықты иммундау үшін COVID-19 вакциналарының 30 миллион дозасын сатып алады. Президент Ибрахим Раиси елде инфекцияның өршуіне байланысты Үкімет пен үкіметтік емес секторларға, ұйымдарға, саясаткерлерге және бүкіл Иран халқына адам қазасына әкелетін вируспен күресу үшін бірлесіп әрекет ету керек деді. Раиси коронавирустың таралуына қатысты жағдайды вакцинаның 60 миллион дозасын енгізу арқылы бақылауға алуға болатындығын атап өтті
 

Сондай-ақ оқыңыз