Кімдерге салық бойынша жеңілдік жасалады? Салыққа қатысты ең көп қойылатын сұрақтарға жауап

Жарияланды
Ел азаматтарын төленбеген салық мәселесі алаңдатады

Елімізде жер және мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталды. Осы мерзімге дейін салығын төлемеген азаматтардың негізгі қарызына өсімпұл (пеня) жүреді. 

Өсімпұл жүрмес үшін салық амнистиясын пайдалануға болады. Ал қазір осы салық мәселесі бойынша азаматтардың ең көп қоятын сұрақтарына жауаптар ұсынайық. 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

  • Автомобильдер үшін (В санаты, соның ішінде BE, B1) қозғалтқыштың сыйымдылығына (куб.см.) байланысты саналады; 
  • Жүк тасымалы (С санаты, оның ішінде CE, C1E, C1) – жүк көтергіштігіне (тонна) байланысты есептеледі;
  • Жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары үшін (D санаты, DE, D1E, D1 қоса) – орындардың санына байланысты есептеледі.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫҚ ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ ҚАШАН?

Жеке тұлғалар үшін бюджетке көлік салығын төлеу мерзімі – 31 желтоқсанға дейін. 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ САНАТТАРЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТЫЛАДЫ?

  •  Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдар; 
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылда жанқиярлық қызмет еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар; 
  • 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылда жанқиярлық қызмет еткені және тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар; 
  • Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстан Еңбек ері» атағына ие болған адамдар; 
  • Даңқ және «Отан» орденімен марапатталған адамдар; 
  • Көп балалы ана, «Батыр ана» атағын иеленген немесе «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапатталғандар;
  • Мүгедектер. 

Мүмкіндігі шектеулі жандар қандай жеңілдіктерді пайдаланады?

  1. Мүгедектер (1,2,3 т.) 4 мың текше метрден аспайтын бір көлік құралы салығынан босатылады;
  2. Жер салығынан – толық мөлшерде, мүлік салығы бойынша –  тұрғын үй құнына байланысты;

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ МҮЛІК САЛЫҒЫ МЕН ЖЕР САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР БАР МА?

Мүлік салығы:

  •  Зейнеткерлерге қатысты – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданысқа енетін барлық салық салынатын объектілердің жалпы құнынан 1000 АЕК мөлшерінде жәрдемақы бар;
  • Мүгедектерге қатысты – меншік құқығындағы барлық салық салынатын объектілердің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген 1500 АЕК мөлшерінде;
  •  Салық төлеушілердің бұл санаты жер салығын төлеуден босатылады.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

  •  Елді мекендерде негізгі салық мөлшері (іргелес учаскелерді қоспағанда) ауданның бір шаршы метріне белгіленеді;
  •  Жер салығын анықтауға арналған салық базасы – жер учаскесінің ауданы және (немесе) жер үлесі болып саналады.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

  • Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салынатын объектілердің құнына байланысты есептеледі;
  • Жеке тұлғаларға арналған тұрғын үйлер, саяжай учаскелері үшін салық базасы – есепті жылдан кейінгі әр жылдың 1 қаңтарында анықталған салық салу объектілерінің құны, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен анықталады.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР МҮЛІК САЛЫҒЫН ҚАЙ МЕРЗІМДЕ ТӨЛЕУІ ТИІС?

Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей бюджетке төлейдi.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

Елді мекендердің жерлеріне (іргелес учаскелерді қоспағанда) базалық салық ставкалары ауданның бір шаршы метріне белгіленеді. Жер салығын анықтау үшін салық базасы – жер учаскесінің ауданы және (немесе) жер үлесі болып табылады.

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНЫ МҮЛІК ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ БОЙЫНША ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ӨЗЕКТЕНДІРУ ҮШІН ҚАНДАЙ ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗУДЕ?

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті органдармен деректер қорын өзектендіруді жүргізуде. Меншік иелері туралы мәліметтер нақтылануда, сондай-ақ осындай мәліметтерге талдау жасалуда. ҚР ІІМ, ҚР ӘМ, ҚР АШМ КУЗР, «Азаматарға арналған үкімет» КЕАҚ ақпараттық жүйелерімен өзара онлайн іс-қимыл 2019 жылғы 4-тоқсанға жоспарлануда. Бұл шара салық төлеушілерден келіп түсетін өтініштерді қысқартуға, сондай-ақ салық сомасын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.

МЕН  II ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКПІН. КӨЛІК САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛАМЫН БА?

Иә, сіз 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының меншік иесінің ауысуымен байланысты уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркелген, қозғалтқыш көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильден басқа, салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігіңіздегі мотоколяска және автомобиль бойынша жеңілдікті пайдалана аласыз.

2015 жылы қозғалтқыш көлемі 4700 текше см. болатын 2010 жылғы Lexus маркалы автомашинаны сатып алды да, анасының атына рәсімдеді. Анасы «Алтын алқа» орденін иеленген, ол көлік салығын төлеуден босатыла ма?

Салық кодексіне сәйкес қозғалтқыш көлемі 4000 текше см. асатын және уәкілетті органда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қайта ресімделген автомобильдер көлік салығын төлеуден босатылмайды. Сондықтан аталған норма көрсетілген адамдарға қолданылмайды.

Жауаптар мемлекеттік кірістер комитеті ақпараты негізінде дайындалды
 

Сондай-ақ оқыңыз