Алматыда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 669-ға жетті
Жарияланды
Қалада соңғы тәулікте тағы 145 науқас анықталды
Соңғы тәулікте қалада 145 жаңа оқиға тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Оның ішінде:
104 жағдай – Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері,
12 – №12 қалалық емхана қызметкерлері,
11 – қазіргі уақытта провизорлық орталықтағы Қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері,
18 – бұрын жұқтырғандармен байланыста болған адамдар.
Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 669 адам. Оның 88 жазылып шықты.
Пациенттердің жағдайы бойынша:
Екі науқастың жағдайы өте ауыр,
Алтауының жағдайы ауыр,
168 – орташа,
401 – қанағаттанарлық.
Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда – 352, үй карантинінде – 9950 адам орналасқан.