Ауырған дәрігерлер туралы шу шығарудың қажеті жоқ
Дәрігерлердің қалай індет жұқтырғаны туралы прокуратура тексеру жүргізеді. Бұл туралы тікелей эфирге шыққан Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде 589 дәрігер коронавируске шалдыққан. Оның басты себебі, олар науқастармен тікелей байланыста болғандығында.
Екінші себебі, санитарлық нормалардың бұзылуында.
«Аурухананың ішінде болған жағдайға міндетті түрде тексеріс жүргізіледі. Оған прокуратура араласады. Тап қазіргі жағдайда эпидемиямен күресуге мүмкіндік беріңіздер»- деп сөзін аяқтады Біртанов.
Осыған байланысты бүгін бірнеше тағайындаулар болды. Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Қамалжан Надыров Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ал Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне Людмила Бюрабекова келді.