Семейде орман өртеніп кетті
Жарияланды
Тілсіз жауды өшіруге 26 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды
Семейде Орман резерватының аумағында жойқын өрт болды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Сәкен Ділдахмет мәлімдеді.
Семей Орман мемлекеттік орман табиғи резерваты Долонский филиалының «Байдәулет» орман шаруашылығы аумағында орналасқан. Тілсіз жаудың неден шыққаны белгісіз. Өрт шамамен 100 гектар жерді жалмады.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өртті сөндіруге 26 көлік, 4 орман өрт сөндіру кешені, жабдықталған 3 трактор, 2 патрульдік машина, 1 МИ-2 тікұшағы және 75-тен астам адам жұмылдырғанымен, өрт толықтай ауыздықталмады.