Жаңа қаулы: Кинотеатрлар мен караоке қайта ашылады
Пилоттық жоба ретінде қолға алынған «ASHYQ» қосымшасы 26 сәуірден кең қолданысқа енгізілмек. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысы негізінде кәсіпкерлер қосымшаға кезең-кезеңімен қосылады. «ASHYQ» жобасына қосылған кинотеатр, театр, филармония мен қоғамдық тамақтару орындарының жүмысына бүгіннен бастап рұқсат етіледі.
Ал екінші кезеңде, 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
1) облыс аралық және қала аралық жүйелі емес (туристік) тасымалдар;
2) бильярд клубтары;
3) концерт залдары;
Үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) жасыл аймақтағы банкет залдары (тбір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр) ашылады.
«Атамекен» ҰҚП мәліметіне сүйенсек, жобаға Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан бөлек, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалалары қосылған. Мұндай шешім Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін қабылданыпты.
«ASHYQ» жобасын жаппай тарату – бизнестің міндеті ғана емес. Үкімет алдында жүйені кеңейту және белсенді енгізу міндеті тұр. Сонымен қатар сәйкес нормативтік базаны құру маңызды» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жобаны ел аумағында ай соңына дейін тарату жоспарланған.
«2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталсын және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде жоба таратылсын» деп жазылған құжатта.
«Ашық» жобасы Нұр-Сұлтан қаласынд 35 кәсіпкерлік субъектіні біріктірсе, Алматы қаласында – 302 нысан, Қарағанды қаласында 15 нысан қосылған. Олардың қатарында фитнес клубтар, спа-орталықтары, сауналар, бассейн. компьютер және боулинг клубтары бар. Бұдан бөлек, жуық арада жоба тағы 9 қызмет түрімен толығады.
Сонымен қатар «Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алу ережесі өзгереді. Бизнес иелеріне QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру керек.
Қоғамдық тамақтану және кинотеатр иелеріне өтінішті алдымен салалық қауымдастыққа беріп, кейін infokazakhstan.kz сайтынан qr-кодты алу қажет.
Айта кетейік, «Ashyq» – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.
«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.
«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.
«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.
«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.