Павлодар облысы 500 қандасты қабылдауға әзір

Жарияланды
Оңтүстік өңірлердің 2,6 мың тұрғынына да жағдай жасалады

2017 жылы Павлодар облысы қоныс аударушылар өңіріне айналғаны белгілі. Сол уақыттан бері аймаққа 10 мыңнан астам қандас пен оңтүстік облыс тұрғындары келді. Биыл да мобильді еңбек ресурстарын жұмылдыру мақсатында арнайы квоталар бөлінді. 

Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, биылғы жоспар бойынша 500 қандас пен 2,6 оңтүстік өңір тұрғындары келуі керек. 

«Осы жылы Павлодар облысы 125 қандас отбасы мен оңтүстіктен келетін 650 отбасыны қабылдауға дайын. Жыл басынан бері 290 қандас пен жұмыс күші көп аймақтардан 1709 отандасымыз қоныс аударды. Карантин шектеулеріне байланысты бұл бағыттағы жұмыс бәсең жүріп жатыр» дейді Альмира Дисюпова. 

Көп жағдайда Павлодар облысына Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы, Түркістан облыстарынан көшіп келетін көрінеді. Қандастар Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейден қоныс аударады. Олардың басым бөлігі үш қаламен қатар, Аққулы, Успен, Май және Шарбақты аудандарын таңдайды. Өз кезегінде жергілікті әкімдік тұрақты жұмыспен, баспанамен және балаларды балабақша, мектеппен қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ оқыңыз