Нигерияда тырысқақ эпидемиясынан зардап шеккендердің саны 1,7 мыңнан асты
Жарияланды
Індет елдің 23 штатына таралды
Нигерияда жыл басынан бері тырысқақ ауруынан 1768 адам қайтыс болды. Тек соңғы аптада тырысқақ эпидемиясынан 72 адам қайтыс болды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Нигерия ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (NCDC) мәліметтері бойынша, 1 қаңтар мен 14 тамыз аралығында эпидемия 23 штатты қамтыды, сонымен қатар астана Абуджаға таралды.
Көрсетілген мерзімде 47 603 адамға тырысқақ диагнозы қойылды.
Жаңа типтегі коронавирустық инфекция (COVID-19) Нигерияда да таралуда.
Бұған дейін нигериялық дәрігерлер жалақы төлемеуіне байланысты ереуілге шыққан болатын.