Денсаулық сақтау министрлігі байқау  ұйымдастырып жатыр

Жарияланды
Жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңгені құрайды

Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесінің қолдауымен Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы мен Касперский зертханасы пандемия кезінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған жаңа сын-тегеуріндерді шешу үшін технологиялар мен өнімдердің онлайн-хакатонын жариялайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министірлігі телеграм каналында хабарлады.

Коронавирус дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау, білім беру, ақпаратқа қол жеткізу және дербес деректерді қорғау саласындағы проблемаларды ашты. Бүгінде бүкіл әлем технологиялық дамыған елдерден АТ саласында дамушы мемелекеттерге дейін цифрлық құралдарды эпидемияны бақылаудың тиімді әдісі ретінде пайдаланып отыр. 

Денсаулық сақтау министірлігі жас инноваторлар мен түрлі салалардың кәсіби сарапшыларын Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске қосу үшін бірігуге шақырады.

Ұсынылатын міндеттер:

– дербес және медициналық деректерді қорғау;

– коронавирустық инфекциямен және оның салдарларымен тиімді күресу үшін ақпаратқа ыңғайлы және технологиялық қол жеткізу;

– Fake-news-тен сақтау;

– дағдарыс жағдайында да адамның құқықтары мен бостандығын сақтау;

– Денсаулық сақтау саласында жұмыс істеу ыңғайлылығын арттыру;

– медицина қызметкерлерінің құрал-саймандарының технологиялық дамуы.

Іс-шараның жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңге
 

Сондай-ақ оқыңыз