Қарағанды мен Таразда лаңкестік топ құрықталды

Жарияланды
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

2020 жылғы 27-қаңтарда Қарағанды мен Таразда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) деструктивті бағыттағы діни ағымдардың ұстанушыларын құрықтады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Тергеу құрықталған топ Қазақстан аумағында лаңкестік актілерді жоспарлаған, деп санайды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасын табуда.

Ұсталғандардың барлығы бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін сотталғандар. Олардың үстінен лаңкестік топты құрғаны, оған басшылық жасағаны және оның қызметіне қатысқаны үшін (Қылмыстық кодекстің 257-бабы), сондай-ақ лаңкестікті насихаттағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 257-бабы) қылмыстық істер қозғалған.

Сондай-ақ оқыңыз