Президенттің өкілеттігі кеңейтіледі

Жарияланды
Мәжіліс тиісті түзетулерді мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары 29 сәуірде палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын мақұлдады (екінші оқылымда).

Тиісті түзетулер, мемлекет басшысына қосымша өкілеттілікті беру ұсынады.

«Төтенше жағдай кезінде және әлеуметтік-экономикалық салада туындаған дағдарыс кезінде жедел шаралар қабылдау үшін президентке заңда қарастырылған белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеудің басқа тәртібін белгілеуге өкілеттік беру ұсынылады», – деп жазылған жобада.

Атап айтқанда, құжат төтенше жағдай кезеңінде заңнаманың жекелеген салаларының қолданылу ерекшеліктерімен толықтырылады.

Заң жобасына 14 сала жатқызылады: салықтық, бюджеттік, кеден, банктік, еңбек, монополияға қарсы заңнама; денсаулық, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңнама; әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында; сондай-ақ елдің халықаралық міндеттемелерін іске асырылады.
 

Бұдан бөлек, ғылыми-экономикалық сараптаманың қорытындысында көрсетілгендей, президент төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттің ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақтылығын сақтауға бағытталған шұғыл іс-қимылды талап ететін қоғамдық қатынастарға жедел араласа алады.

 

Сондай-ақ оқыңыз