Қазақстанда өлім-жітімнің статистикасы жүргізіледі
Жарияланды
Елімізде індеттен 25 науқас қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус инфекциясы мен өзге де аурулардан болатын өлім-жітімнің жеке статистикасы жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
Егер науқастар инсульттан немесе басқа да аурулардан қайтыс болса, алайда оған қоса COVID-19 вирусы анықталса, онда бұл жағдай коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім статистикасына тіркелмейді.
Қазіргі уақытта, елімізде осындай 25 жағдай анықталды.
Науқас өлімінің әрбір фактісі жеке зерттеледі және барлық факторлар ескерілгеннен кейін шешім шығарылады.