Нұр-Сұлтанда «Тұлпар» сауда орталығынан өрт шықты

Жарияланды
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ

Елордада Байқоңыр ауданындағы «Тұлпар» сауда орталығынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сауда орталығында сауда бутиктері жанып жатыр.

Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101« пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 « Тұлпар« сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. №3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. 

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
 

Сондай-ақ оқыңыз