Жолдау-2021: Ең төменгі жалақы 60 мың теңге болады
2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге көбейеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
Мемлекет басшысы айтып өткендей, бүгінде республикадағы ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарау қажетігі туындаған. Оның айтуынша, бұл бір жағынан – ең маңызды макроиндикатор болса, екінші жағынан, елдің түсінікті көрсеткіш.
«Елімізде төменгі жалақы көлемі 2018 жылдан бері көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына өз әсерін тигізді. Оның үстіне ең төменгі жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар елдерінен артта келеді. Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдамын» деп атап өтті мемлекет басшысы.
Бұл бастама 1 млн-нан астам адамды қамтитын болады. Жанама түрде барлық жұмысшының айлығына өз әсерін тигізіп, жалақы көлемін де азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ішкі сұранысты да арттырады.
«Еңбекақы қорына жүктемені неғұрлым түсінікті және қарапайым ету керек. Микро және шағын бизнес иелеріне жиынтық жүктемені 25%-ке дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу қажет. Бұл бизнеске мыңдаған қызметкерді көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді» деді Президент.