Жеңілдетілген ипотека пайызы отбасының табысына байланысты болады

Жарияланды
Үй кезегінде тұрғандарға бастапқы жарна –10 пайыз

«Отбасы банк» арқылы берілетін  тұрғын үй ипотекасың несие мөлшерлемесі отбасының табысына байланысты 2 мен 5 пайыз аралығында болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.

Министрдің айтуынша, мұндай шара 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ұсынылған бірыңғай тұрғын үй саясатын құру аясында ұсынылады.

«Тұрғын үй кезегінде тұрғандарға «Отбасы банк» АҚ ипотекалық бағдарламалары аясында бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10%-на дейін төмендетіледі. Жеңілдетілген ипотека мөлшерлемесі отбасы табысына байланысты жылдық 2% және 5%-ды құрайды» деді Атамқұлов.

Бұдан бөлек, зейнетақы жинақтарының жеткілікті  шектен асатын бөлігін «Отбасы банк»  шотына аударуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілмек. 

Құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін белсенді пайдалана отырып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізілетін болады.

ИИДМ бастапқы жобалау кезеңінде-ақ түрғын үйдің  болжамды құнын есептеуге арналған «Онлайн-Калькулятор» жүйесін іске қосқан. 

Министр сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі агломерацияларды дамыту жөніндегі тұжырымдама мен заң жобасын әзірлейтінін хабарлады.

Оның айтуынша, аталған стандарттар: қалаларды кешенді дамыту қағидаттарын, қалалық аумақтарды дамыту стандартын, бос аумақтарды игеру стандартын, қалалар келбетін қалыптастыру стандартын қамтиды. 

 Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектен асатын бөлігін «Отбасы банктег» шотқа аударуға рұқсат беруді тапсырған болатын. Қазірдің өзінде 250 мың қазақстандық өздерінің зейнетақы жинақтарын  баспана алуға пайдаланған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз