Автокөлік сатып алмақ болған ШҚО тұрғыны алаяққа тап болды
Жарияланды
Полиция автомобильді әсіресе бейтаныс адамдарға бөліп төлеуге сатпауға кеңес береді
Автокөлік сатып алмақ болған ШҚО тұрғыны алаяққа тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ-не облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, оның танысы өз автокөлігін бөліп сату сылтауымен жәбірленушінің 860 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады.
«Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ тергеу-жедел тобы Ұлан ауданының 32 жастағы тұрғынын жеткізді, ол жауап алу барысында кінәсін мойындады», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ШҚО Полиция департаменті автомобильді әсіресе бейтаныс адамдарға бөліп төлеуге сатпауға кеңес береді.