Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 9,6 пайызға кеміген
2020 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен сауда-саттық көлемі 9,6 пайызға кеміген. Ұлттық статистика бюросы жариялаған хабарламада осындай дерек келтіріледі.
Қазақстанның одақ құрамындағы өзге елдермен өзара саудасы 9 айда 17 660 млн АҚШ долларын құраған. Бұл 2019 жылғы қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 9,6%-ға аз. Соның ішінде экспорт 4966,4 млн АҚШ долларын құраса (13,5%-ға азайды), импорт 12693,6 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасып, 7,9% азайған.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының басым бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі – 92,2%, Қырғызстан Республикасымен арадағы сауда 4,1% болса, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1%-дан келеді.
Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы