Бразилия Қытай вакцинасын сатып алады
Бразилия әлемде алғашқылардың бірі болып Қытайда жасалған вакцинамен коронавирусқа қарсы ұлттық иммундауды бастайды. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Сан-Паулу губернаторы Джоа Дорианың айтуынша, үкімет 46 миллион доза CoronaVac вакцинасын сатып алып жатыр. Халықты иммундау бағдарламасы 2021 жылдың қаңтарынан басталуы керек.
Қытайлық Sinovac Biotech компаниясы жасаған CoronaVac вакцинасы клиникалық зерттеулердің соңғы сатысында. Олар Сан-Паулуда өтеді.
Бразилиялық иммундау бағдарламасы сонымен қатар Британдық Оксфорд университеті және AstraZeneca фармацевтикалық гиганты жасаған вакцинаны қолданады.
Бразилия (АҚШ және Үндістанмен бірге) коронавирус ең көп зардап шеккен елдердің үштігінде қалып отыр. Онда 5,3 миллионнан астам инфекциялар тіркелген және 155 мыңға жуық Covid-19 қайтыс болды.