Елімізде жаңа Үкімет құрамы бекітілді
2021 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің құрамын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Жаңа министрлер кабинетінде тек екі министрлік басшысы ауысты: Әсет Ерғалиев – Ұлттық экономика министрі, Серік Шапкенов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрінің орнын сақтай отырып, Премьер-министрдің орынбасары лауазымына ие болды.
Депутаттар министрлік басшыларығына кандидаттарды бекіткен соң, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» жарлыққа қол қойды.
Сонымен Үкіметтің жаңа құрамы мынандай:
Айта кетейік, 10 қаңтарда елімізде Парламет мәжілісі депутаттарын сайлау өтті. Содан кейін заң бойынша ел үкіметі отставкаға кетті. Сол күні бұған дейін премьер-министр қызметін атқарған Асқар Мамин қайтадан үкіметбасы болып тағайындалды.