Елімізде өкпені жасанды желдету аппараттарын өндіру  артты 

Жарияланды
Өндіріс 15 есеге ұлғайды

«Тыныс» зауыты коронавирустық пандемияға қарсы шаралар аясында адам өкпесін жасанды желдету аппараттарының өндірісін арттырды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

2020 жылға арналған осы өнімнің өндірістік жоспары жылына 15 еседен астамға (500 дана жиынтық өнімге дейін) ұлғайтылды.

Қазір зауыт жұмысшылары екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін зауыт жылына 30 дана жиынтық қондырғыларды шығарып келгенін айта кету керек.
 

Сондай-ақ оқыңыз