Қызылордада 110 қап күріш ұрлаған адам ұсталды

Жарияланды
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Қызылордалық полицейлер күріш ұрлығына қатысы бар ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазан күні Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:37 шамасында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында «Досқали» елдімекеніне қарай кетіп бара жатқан күдікті мотокөлікті байқаған.

Мотокөліктің ізіне түскен полицейлер  Қазалы ауданының жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабынан 20 қаптан астам күріш ұрлап, бос тұрған ғимараттың ішіне жинап жатқан жерінен аудан тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында бұл азаматтың дәл осы егістік алқабынан үш күн қатарынан барлығы 110 қап күріш ұрлағаны белгілі болды. Қазіргі таңда күріш ұрлаған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі  тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз