Өз бизнес-жобасын ұсынатындар 556,6 мың теңгеден алады
Грантқа өз бизнес-жобасын ұсынатындар 556,6 мың теңгеден алады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мәлімдеді, – деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырудан бөлек, «Еңбек» бағдарламасы аясында түрлі кәсіби курстарға жіберуден басқа, сондай-ақ, бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлап отырған адамдарға ақысыз және қайтарымсыз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар берілмек.
«Өткен жылы мұндай гранттарды бізде 2867 адам алды. Биылғы жылы 1705 адамға 200 АЕК көлемінде қаражат бөлінді (555,6 мың тг 1 АЕК есебінен – 2778 тг). Соның ішінде 706 алматылықтарға гранттар осы айда беріледі», – дейді Диляра Иманқұлова.
Диляраның айтуынша, «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады. Бірақ, бұл тізімге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендер ғана енгізіледі екен.