Енді egov.kz порталында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қызметтер қолжетімді

Жарияланды
Азаматтар 18 онлайн қызметті ала алады

Электронды үкімет порталында бұдан былай 6 жаңа қызмет онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл қызметтер осыған дейін жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар қызметтерінде көрсетіліп келген болатын. 

Енді, қолданыстағы 18 онлайн қызметтен басқа тағы 6 қызмет қолжетімді болды. Атап айтқанда, ымдау тілі маманын ұсыну, жеке көмекшіні ұсыну, санаторий-курорттық емдеу, сурдо-тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, кресло-арбалар мен протездік-ортопедиялық көмек көрсету қызметтеріне электронды үкімет порталында тапсырыс беруге болады. 

«Бұл қызметтерді іске асыру біз үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Біздің міндетіміз – ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтар барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала алатындай етіп жасау. Өзімізге жүктелген маңызды жауапкершілікті түсінеміз және Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп осындай сервистерді ұсынуды жақсарту мақсатында өз тарапымыздан барлық қажетті шараларды қолданамыз» деп түсіндірді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Egov.kz порталында қызметтерді көрсетуге өтінім беру үшін тиісті қызметті, тиісті техникалық оңалту құралдарын, қызметтерді жеткізушіні таңдау, өз қажеттіліктерін ескере отырып, жеке оңалту бағдарламасы толық орындалғанға дейін өтінімнің мәртебесін қадағалау қажет. Бұл қызметтерге тапсырыс бере отырып, үйге жеткізуді таңдауға болатынын, «Қазпошта» курьерлері қажеттінің бәрін жеткізетінін атап өту керек.

Бұдан басқа, eGovmobile мобильді қосымшасында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске асырылған 2 цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл – зейнеткер куәлігі және қандас куәлігі. Енді, қосымшаны жүктеп алған қазақстандықтар өз құжаттарының 12 цифрлық көшірмесін пайдалана алады.
 

Сондай-ақ оқыңыз