Тайландта Жеңістің 75 жылдығына орай ағаш отырғызу рәсімі өтті
Тайландта Жеңістің 75 жылдығына орай ағаш отырғызу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Тайландтағы Елшілігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай, Ресей Елшілігі, Өзбекстан Бас консулдығы және Армения, Беларусь және Қазақстан Құрметті консулдықтары бірлесе отыра, сондай-ақ Паттайя қ. Әкімнің орынбасары Р.Екасингх қатысуымен, әлемдегі танымалы саябақтың бірі болып табылатын тропикалық саябақта Нонг Нуч, ағаш отырғызу рәсімін өткізді.
Бұл салтанаттың мақсаты-барлық ардагерлерге құрмет көрсету және бұл қанды соғыста өз өмірін қиған адамдарды еске алу.
Тайланд халқы және билікпен ниеттестік білдіре отыра, COVID-19 байланысты, әлеуметтік қашықтықтың нормалары мен шараларына сәйкес қоғамды қатыстырмай іс-шара өткізу туралы шешім қабылданды.