Індет салдарынан қызмет көрсету саласы ең көп зардап шекті

Жарияланды
Қазақстанда экономиканың нақты секторында тұрақты өсу бар

Қазақстан, әлемнің барлық басқа елдері сияқты, коронавирус пандемиясының жағымсыз салдарының жиынтығы аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешуде. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

Қызмет көрсету саласы ең көп зардап шекті. Онда ағымдағы жылдың 6 айында 5,6%-ға төмендеді. 
Бұл ретте экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Тауарлар өндірісі 4,1% – ға өсті.
Негізгі драйверлер құрылыс (+11,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) болды. 

Өңдеу өнеркәсібінде өсім 4,8%-ды құрады. Соның ішінде автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл бұйымдарын өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (8%) және қағаз (15%) есебінен қамтамасыз етілген.

 «Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шараларды белсенді іске асыруда»,-деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сондай-ақ оқыңыз