Ақмола облысында өрт кезінде үш бала қаза болды
Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Үйде көп балалы отбасы, 7 адам тұрған, олар 1979 және 1981 жылдары туған ата – анасы, 5 баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылы туған қыз бала.
Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырымды құрайды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шықты.
Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады.
Үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Өрт орнында үш баланың мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ТЖД-нен 12 қызметкер мен 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен тартылған ұйымдардан 3 адам және 3 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталуда, Көкшетау қаласынан өрт сынақ зертханасы жіберілді.