Автокөлік жарысушыларға айыппұл салынды 

Жарияланды
Олар төтенше жағдайда тәртіп бұзды

Алматыда түнгі көлік жарысушыларға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Патрульдік полиция қызметкерлері жолдарда түнгі жарыс ұйымдастырған автокөлік жүргізушілеріне шара қолданды.

 «Төле би даңғылы мен Қайырбеков көшесінің қиылысында Жол ережесін өрескел бұзған төрт жүргізуші анықталды. Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына жөнелтілді. Бұл автокөлік жүргізушілері өздерін қорғай отырып, көңіл көтеру үшін жолда бұзақылық жасағандарын айтты », – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаро.

Спикердің айтуынша, күн сайын кешке және түнде жолдың бұл учаскесін екі патрульдік нарядтар бақылайтын болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз