Емханаға еркін тіркелу науқаны басталды

Жарияланды
15 қарашаға дейін жалғасады

Бүгін,15 қыркүйектен Қазақстанда МСАК ұйымындарын (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) еркін таңдау науқаны басталып, 2021 жылғы 15 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. 

Қазіргі кезде МСАК ұйымдарына барлығы 19,4 млн адам ғана тіркелген. Оның ішінде қала халқының саны 11,6 млн адам болса, ауылдық жерлерде 7,9 млн адам тіркелген. 

2020 жылғы тіркеу науқанының қорытындысын қарайтын болсақ, МСАК ұйымын еркін таңдау қызметін 134,4 мың адам пайдаланған.

Қазіргі кезде тіркелген емхананыңдың жұмысы қанағаттандырмаса, емхананы еркін таңдау арқылы басқасына ауыса аласыз. Аталмыш акция жыл сайын өткізіледі.

Тіркеу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі консультациялық-диагностикалық қызмет, ауруханаға жатып емделу. кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне және көптеген басқа да медициналық  жолдамаларды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек алуға құқық береді.

Егер азаматтар емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаса, олар өздеріне бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.

 Емханаған үш тәсіл арқылы тіркелуге болады: 

  • тікелей таңдалған медициналық ұйымға жүгіну арқылы
  • электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде 
  •  халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беру арқылы.

Емхана ауыстырғысы келген азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет және сол жерде бас дәрігердің атына өтініш жазуы тиіс.

Ал еgov.kz. порталы арқылы тіркелген кезде авторизациядан өтіп, электрондық өтінімді толтыру қажет. Қызмет нәтижесі өтініш берушінің Жеке кабинетіне жіберіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тоқталатын болсақ, онда тіркеу рәсімін өзіне-өзі қызмет көрсету пунктінде Connection Point арқылы электрондық форматта жүзеге асыруға болады.

Тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Жылына бір рет еркін таңдау құқығымен  қатар,  адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын  ауыстырған жағдайда, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса, жойылса және басқа да жағдайларда емхенаны ауыстыруға құқылы. 

 Тіркелуге жіберілген өтініш қанша уақыт ішінде қаралады? 

Азамат электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.    

Неліктен үйге жақын емханаға тіркелген маңызды? 

  • Біріншіден, бұл үйіңіз бен емхананың ортасында 15-20 минуттық жая жүруге болатындай қашықтықтағы медициналық көмекке қолжеткізу. 
  • Екіншіден, үйде көмек алу, соның ішінде қажет болған жағдайда дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру мүмкіндігі болып табылады. 
  • Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі.

Мен бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле аламын ба? 

Сіздің тек бір емханаға тіркелу мүмкіндігіңіз бар, өйткені бекіту сіздің ЖСН жеке нөміріңіз бойынша жасалады. Ал, сізді бұрынғы емханадан босату автоматты түрде жүзеге асырылады.

Егер мен тіркеу науқаны кезінде өтініш бермеген болсам не болады? 

Бұндай жағдайда сіз бұрын өзіңізге қызмет көрсетілген емханада тіркелген болып қаласыз. 

Аталған науқан  кезінде мен басқа емханаға тіркелуге өтініш бердім, ол жерде медициналық көмекті қай уақыттан бастап алуға болады? 

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап аласыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін сіз өзіңізге бұрын қызмет көрсетілген емханада медициналық көмек алуды жалғастыратын боласыз. 

Қандай жағдайларда мені емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін? 

  • Жалған ақпарат ұсынған уақытта;
  • Пациенттің нақты тұру мекені емхананың қызмет көрсету аймағынан тыс жерде орналасса;
  • Бекітілген халық саны жалпы практика дәрігеріне 1,7 мың адамнан,  учаскелік педиатрға 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асқан кезде;
  • Тіркелген тұлғаның заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде.
Сондай-ақ оқыңыз