Германия індет салдарынан елде «лайт-локдаун» енгізді

Жарияланды
Мектептер мен балабақшалар жұмысын жалғастыра бермек

Германия мұндай шешімді елде коронавирустық инфекцияның күрт көбеюіне байланысты қабылдап отыр. Бұл туралы baq.kz сайты хабарлады.

 «Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты елде локдаунның «жеңіл» нұсқасын енгізуге ниетті.», – делінген хабарламада.

Дүкендер белгілі бір шектеумен ғана жұмыс істейді Мейрамханалар мен барлар жабылады, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады.

 Ал мектептер мен балабақшалар жұмысын жалғастыра бермек. Бұқаралық іс-шараларды толығымен алып тастау жоспарлануда.

Роберт Кох институтының мәліметіне сәйкес, 27 қазандағы жағдай бойынша Германияда коронавирустық пандемия басталғалы бері COVID-19 ауруының 437 866 жағдайы анықталды. Бір күнде елде 8 685 адам коронавируспен ауырды. 10 056 адам қайтыс болды.

 

Сондай-ақ оқыңыз