Немістер қазақтарға энергияны үнемдеуді үйретпек

Жарияланды
Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтты 

Қазақстан мен Германия энергия тиімділігі саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Dena» компаниясы Неміс энергетика агенттігінің Атқарушы директоры Кристина Хаверкамппен кездесті.

Кездесу барысында өнеркәсіп секторындағы энергетикалық үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ қалалық және муниципалдық энергетикалық инфрақұрылым мен инновацияның тұрақты дамуына бағыталған шаралар талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз