Павлодар облысында 40 мың заң бұзушылық тіркелді
Жарияланды
Азаматтарға 333 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
Жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары 40 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Құқық бұзушыларға 333 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 11456 тұрғынға ескерту жасалды. 1602 бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 26 мыңнан астам адамға айыппұл салынды.