Елбасы Владимир Путинге көңіл айтты

Жарияланды
Қазан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасалып, адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

 «Қазан қаласының №175 мектебінде болған трагедия салдарынан балалар мен ересек адамдардың опат болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадым.

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.
 

Сондай-ақ оқыңыз