Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар 18 пайызға төмендеді

Жарияланды
Жедел жәрдем шақыру 40%-ға төмендеген

Еліміз бойынша коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары 18 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Ағымдағы жылдың 3 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 93 820 науқас тіркелген, оның ішінде 27 597 адам ем алуда, 65 132 (69,4 %) адам емделіп шықты, 1091 адам көз жұмған. Жалпы, еліміз бойынша өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда ауру жұқтырғандардың тіркелуінің 18%-ға төмендегені байқалады. 

   «Карантиннің 4 аптасында төсектердің бос болмауы 56%-ға, оның ішінде реанимациялық төсек орындарының бос болмауы 36%-ға төмендегені байқалады. Сауыққандар саны 69,4%-ға дейін өсті. Жедел жәрдемді шақырулар, оның ішінде коронавирус бойынша шақырулар саны 40%-ға төмендеді. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші 24%-ға, яғни 1,2-ден 0,89-ға дейін төмендеді. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді», — деді Цой. 

Оның айтуынша, инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішінің динамикасы (бір науқас ауруды жұқтырған адамдар саны) коронавирус инфекциясының расталған жағдайларын тіркеу негізінде есептеледі. Біреуден көп көрсеткіш жұқтырған пациенттердің өсу тенденциясын көрсетеді. Вирустың репродукциясының біреуден төмен болуы ауруды жұқтырған бір адамнан жұқтыратын адамдар санының азайғанын көрсетеді. 

   «Қатаң шектеу шараларын енгізгенге дейін репродукция көрсеткіші 1,2 құрады. Карантин енгізілгеннен кейін екі аптадан кейін біз репродукция көрсеткішінің тұрақты төмендеу тенденциясын байқап отырмыз. Кейінге қалдырылған оң динамика инфекцияның 14 күнге созылатын инкубациялық кезеңіне байланысты», — деді министр.

23 шілдеден бастап инфекцияның көбею көрсеткішінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады және 4 тамыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 0,89 деңгейге дейін төмендеді. Бұл енгізілген карантиннің және жағдайды тұрақтандыру бойынша барлық жерде қабылданған шаралардың тиімділігін тағы да растайды. Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда, бұл көрсеткіштің біреуден төмен болуы маңызды. 

Алексей Цой атап өткендей, 4 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола, Қостанай облыстарынан басқа барлық өңірлерде репродуктивтілік көрсеткішінің көрінісі бірліктен жоғары емес бетбұрыс деңгейіне жетті.

    «Статистиканы есепке алу тәсілдерінің өзгеруіне байланысты 1 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы он күніндегі деректер негізінде репродукция көрсеткішіне қайта есептеу жүргізеді. Өңірлердегі жағдайды одан әрі бағалау жалғасады», — деді Цой.
 

Сондай-ақ оқыңыз